Павлодарда мерекелік трамвай жолға шықты

Бұл «Қайырымды істер марафоны» жобасы шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы қолға алған игі бастама.

Қоғамдық көлікке отырған әрбір қала тұрғыны шағын сыйлыққа ие болады. Елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың достығын дәріптейтін іс-шара барысында ән шырқалып, игі тілектер айтылады. Мерекелік трамваймен тұрғындар мамыр айының соңына дейін жүре алады. Вагонда жолаушыларды қаланың тарихымен таныстыратын экскурсия мамандары да жұмыс істейді.

Мүслім Махмұдов, трамвай басқармасының төрағасы:

- Балалар мен егде жастағы адамдарға сыйлықтар беріледі. Бұл халықтың көңіл күйін көтеріп, әдемі әсер қалдыратын ерекше шара деп ойлаймын. «Қайырымды істер марафоны» аясында мұндай акцялар жылдың аяғына дейін жалғасатын болады.