Өткен тәулікте барлық авиажолаушы ПТР-тестілеу анықтамасымен келген

Өткен тәулікте барлық авиажолаушы ПТР-тестілеу анықтамасымен келген

Өткен тәулікте ел аумағына ұшып келген 3617 жолаушының барлығында ПТР-тест анықтамасы болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің деректері осындай. Айта кеткен жөн, күні кеше жергілікті әуежайларға Мальдив, Мысыр, Біріккен Араб Әмірлігі, Германия, Грузия, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейден 24 халықаралық әуе бағыты орындалды. Оның ішінде Алматы қаласының әуежайына 14 рейс, елорданың әуе айлағына 6, Шымкент қаласына 2 және Ақтау мен Атырау қалаларына бір-бір рейстен келген.