«Елбасы жылуы»: СҚО-да 90 отбасыға көмек көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясымен 90 отбасыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараны Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырды. Волонтёрлар аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар үлестірді. Сондай-ақ соғыс және еңбек ардагерлеріне көмек көрсетті. Солардың бірі – Рахима Мұқашева. Ол соғыс кезінде тылда еңбек еткен. Кейін ұзақ жыл Петропавлдағы ет комбинатында жұмыс істепті. Қазір бейнетінің зейнетін көріп отыр.

Рахима Мұқашева, Еңбек ардагері:

- Бала-шаға бар. Немере-шөберелер бар. 5 бала өсірдік. Қиыншылық уақытта, соғыстан кейін. Түрлі-түрлі уақыт болды ғой. Қол диірмен тарттық. Не көрмедік? Рақмет. Сыйлап жатыр.