Hayat-Vax вакцинасы туралы не білеміз?

Елдің денсаулық сақтау министрлігі қытайлық Hayat-Vax вакцинасы туралы мәлімдеме жасады.

Мамандардың айтуынша, оны жүкті әйелдерге және балаларға егуге болмайды. Сондай-ақ инфекциялық және созылмалы ауруы бар жандарға да аталған екпені салуға тыйым салынады. Ал коронавируспен ауырғандар емделіп шыққан соң жарты жылдан кейін вакцинаны қабылдауына болады. Айта кетейік, «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры қытайлық екпенің 1 миллион данасын сатып алған. Препарат Біріккен Араб әмірліктерінде өндірілген. Ол өлі вирустан тұрады. Тиімділі 80 проценттің шамасында дейді мамандар.   

Сондай-ақ...