«Елбасы жылуы». 700-ге жуық отбасыға азық-түлік таратылады

«Елбасы жылуы». Дәл осындай атаумен қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Оның аясында 700-ге жуық отбасыға азық-түлік таратылады. Бұл көмекке Маңғыстау, Ақмола, Алматы, Түркістан, Шығыс және  Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары қол жеткізді. Себетте ұн, картоп, күріш, шай, қант, сұйық май сияқты тауарлар және тазалық құралдары бар.