429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баянауыл ауданында жаппай ағаш егу науқаны жүріп жатыр

  • 27
  • UPD: 09:23, 04.05.2021

Орман-тоғайы көп өлкеде көгалдандыруға көп мән берілмеген еді. Ауылдықтар айналадағы жасыл желектің ретсіз өскенін айтады. Олқылықтың орнын толтыру үшін жергілікті билік қылқан жапырақты сәндік ағаштар әкелді.

Ауданның байырғы тұрғыны Мұрат Дүйсенбайұлының айтуынша, жылда әр мекеме бірен-саран ағаш егетін. Ал жаппай ағаш отырғызу науқанына соңғы рет қашан қатысқаны есінде жоқ. Жасы 80-нен асқан қария жасыл желекті күтіп баптауға көп мән берілсе дейді. Көбі жерсінбей қурап қалады. Ол тек пайдалы өсімдіктерге басымдылық берілгенін қалайды.

Мұрат Рахметов, ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Жалпақ жапырақты терек, тал сияқтылар емес қарағайды көп отырғызуымыз керек. Бұл 400 есе басқа ағаштарға қарағанда кислородты көп беретін нәрсе. Содан кейін бізде қарағаш деген бар. Қазақстанда үш-ақ жерде өседі, қара қарағаш бұл мына қарағайыңыздан екі, үш жүз есе артық береді екен.

Көктемгі тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, аудандық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері мен жастар қатысты. 

Рамазан Нұрғалиев, зейнеткер:

- Мынадай арнайы сквер ашып, арнайы мынадай ғылыми заңдылықтармен өсірген ағаштарды әкеп отырғызып жатқаны ол бірінші рет. Бұрын біз ағашты өзіміздің мынау ұлттық парктің берген ағаштарын отырғыздық. Кейбіреуі өспей қалып, өйтіп бүйтті. Бірақ біз жылда ағаш отырғызумен айналысамыз.

Кең ауқымды бастама аясында аудан орталығына сәндік ағаштар отырғызылса, ауылдық аймақтарда мектеп ауласына ата-аналар мен оқушылар үйде өсіп тұрған жеміс ағаштарын әкеліп екті. Сәтбаев атындағы ауылда өткен «Өз талыңды ек» акциясына ауыл адамдарының 80 проценті қатысқан. 

Төлеген Ахаев, ауыл мектебінің директоры:

- Бұл енді ағаштар қарақат ағашы бар жаңағы шие, сирень, сондай әртүрлі ағаштарды әкеп міне осында мектебінің жанына, өздері суарады ертең өздері күтеді, өздерімен бірге өседі деген сөз осы ағаш оқушылармен бірге.

Баянауыл ауданы бойынша биыл 6 мыңдай ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Жеңіс Темірболат

Хабар 24 телеарнасы