429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында көлік жүргізушісінен есірткі заты табылды

  • 51
  • UPD: 09:28, 04.05.2021
Түркістан облысында көлік жүргізушісінен есірткі заты табылды

Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушісінен есірткі затын тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ның полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын қадағалау мақсатындағы профилактикалық шара барысында Кентау қаласы Яссауи даңғылының бойында түнгі сағат 23:30 шамасында жарық шамын жақпай келе жатқан «Ваз 2106» маркалы автокөлікті тоқтатады.

Полиция қызметкерлері жүргізушіден аты-жөнін сұраған сәтте ол жауап бермеген. Содан соң көлік жүргізушісінің толық жеке бас мәліметін білу мақсатында Кентау ҚПБ-на жеткізген. Осылайша, оны тексеру барысында сыртқы киімінің оң жақ қалтасынан бес сіріңке қорабына салынған өзіндік иісі бар зат табылды. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТТБТ-ге тіркеді.

Полицейлер жүргізушінің қалтасынан шыққан затқа сараптама тағайындап, қорытындысына сәйкес ол 14 гр-ға жуық кептірілген марихуана болып шықты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдікті азаматтың бұдан алдын ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотты болғанын анықтады.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Хабар 24 телеарнасы