Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен кездесу өтті

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары жетекшілерімен, ғалымдармен және сарапшылармен кездесу өткізді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу кезінде комиссияның жұмыс барысы мен өзекті мәселелері, оның ішінде архивтерде, әсіресе, шетелдік мұрағаттардағы зерттеу жұмыстарын егжей-тегжейлі зерделеу қарастырылды. Өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту, оларға тиісті әдістемелік көмек көрсету жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ Қырымбек Көшербаев өздерінің өтініштері бойынша бір топ мәдениет және ғылым қайраткерін қабылдады.