Үндістаннан келген адамдар 14 күн карантинге жабылады

Үндістаннан ұшып келетін қазақстандықтар 14 күндік карантинге жіберіледі. Яғни олар екі апта бойы үйінен шыға алмайды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдеуінше, бұл талапты вакцина алып, ПТР-тест тапсырғандар да орындауы тиіс. Себебі қазір Үндістан елінде эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Мұнда күн сайын 400 мың науқас тіркеледі.