Алматыда төрт жасар баланы қағып кеткен самокат жүргізушісі ұсталды

Алматыда 4 жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен самокат жүргізушісі ұсталды.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ол 24 жастағы жігіт екені хабарланды. Алматы облысы Іле ауданында тұрады. 

«Ер адам кінәсін бірден мойындады, ол жауапкершіліктен қорқып, баланы қағып кеткен соң қашып кеткенін айтты. Самокат жүргізушісі жанында сүйіктісі болғанын айтты. Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 2-бөлігі «Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Алматыда самокатпен баланы қағып кеткендерге іздеу жарияланғаны хабарланған еді.