Таразда эпидахуал күрделеніп келеді

Жамбыл облысында эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады. Өңірде соңғы бір аптада 500-ге жуық адамнан вирус анықталған. Қазір барлық ауруханада орын тапшылығы сезіле бастады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сәйкес, өңірде бүгінгі күнге дейін қауіпті індеттен 64 адам қайтыс болған. Қазір мамандар халықты санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырып, дабыл қағып жатыр. Ойын-сауық, форумдар, конференциялар, отбасылық, спорттық іс-шараларды өткізуге толықтай тыйым салынды. Театр, кинотеатр, караоке, компьютерлік және түнгі клубтар жұмыс істемейді. 

Мамандардың айтуынша, эпидемиологиялық ахуал мұнан әрі қиындаса блокбекеттер қойылуы мүмкін. Қазір жаңа қаулының жаңа жобасы жасалып жатыр.

Гауһар Макуетова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекші маманы: 

- Эпидемиологиялық жағдай қазір тұрақсыз болып тұр. Адамдардың жұқтыру саны күннен күнге өсуде. Алайда бір аптада мысалға, коронавирусты инфекцияның тіркелуі азайса келесі аптада керісінше көбею жағдайлары байқалып отыр. Егер де эпидемиологиялық жаңдай 5 күн ішінде жақсармаған жағдайда қатаң шектеу шаралары енгізіледі.

Сондай-ақ...