Масалар коронавирус тасымалдамайды

Қазнет қолданушылары жазда маса шақса, COVID-19 жұқтырады деп алаңдауда.

Олардың пікірінше, жәндіктер инфекция тасымалдаушылар болып табылады. Бұл – олай емес, деп хабарлады stopfake.kz.

Қан сорғыш жәндіктер адамдарға COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген теория дұрыс емес. Оны теріске шығаратын ақпарат Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында жарияланған.

«Қазіргі кезде SARS-CoV-2 вирусы масалардың шағуы арқылы берілуі мүмкін екендігі туралы ақпарат жоқ. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін жөтел немесе дене қызуы бар адамдардан алшақ жүріп, қол гигиенасы мен тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау керек», – делінген ұйымның сайтында.

Sars-CoV-2 вирусы ауа-тамшы жолдарымен беріледі. Ол сілекей мен ылғал бөлшектерімен, сондай-ақ мұрыннан аққан бөліністерде болады. Жәндіктер – бұл аурудың қоздырғышы емес.