Атырауда 29 жастағы ер адамнан 5 млн теңге болатын есірткі тәркіленді

Атыраулық полицейлер 29 жастағы азаматтан 5 млн теңге болатын есірткі тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткімен айналысқан 1992 жылғы ер адамды ұстады.

– Тінту шараларын жүргізу кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленді. Бұл бес миллион теңге сомасына 3500-ден астам бір реттік дозаларға тең келеді. Ұсталған азаматтың айтуынша, тәркіленген есірткіні оған басқа қаладан жеткізген, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.