Алматы – Шарджа бағытындағы әуе рейсі қайта жанданды

1 мамырдан бастап Алматы – Шарджа бағытындағы тұрақты әуе рейстері қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл еліміздегі коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес жүзеге асырылды. Енді екі қала ортасына аптасына 3 рет ұшуға мүмкіндік туып отыр. Бұл тұрақты рейстерді Air Arabia әуе компаниясы 21 мамырынан бастап қайта жалғастыратын болады. Әуе кемесімен ұшу барысында жолаушылар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы міндетті. Ал рейс барысы авиакомпанияның сайтында жарияланған кестеге сәйкес аптаның үш тақ күндері орындалады.

Сондай-ақ...