Павлодар облысында шыбын-шіркеймен күрес басталды

Павлодар облысы шыбын-шіркеймен күрес бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тоғандар мен Ертістің сағаларына улау жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, «Бактицид» преапаратының қоршаған ортаға зияны жоқ. Ал шыбын мен шіркейлердің дернәсілдерін бірден жояды. Жұмыс дерлік ғалымдардың бақылауы бойынша жүргізіледі. Ал өңделетін аумақтың көлемі 27 мың гектар. Айта кетерлігі, аймақта қансорғыш жәндіктермен күрес жұмыстарына алдағы үш жылға 1,5 млрд теңге бөлінген.

Қайрат Байбусинов, Шыбын-шіркеймен күрес жобасының жетекшісі:

- Күрес жұмыстары үш кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде әуе өңдеу шаралары өтеді. Екінші кезеңде препараттарды өзенге құямыз. Ал үшінші кезең барьерлі өңдеу деп аталады, яғни, препарат шыбын-шіркей тіршілік ететін аумақтарға шашылады. Улау жұмыстары, сондай-ақ Ертіс өзені негізгі арнасының екі жағасында жүргізіледі.