Елордада дезинсекция жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы мен елорда маңындағы алқапқа да дезинсекция жүргізіледі.

Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мамандары хабарлады. Маса атаулыны жоюға 120 адам, 4 арнайы техника мен 3 термогенераторлық бригада жұмылдырылған. Олар бұл жұмысты кешкі 22:00-ден таңғы 04:00-ге дейін жүргізеді. Сол себепті қала әкімдігі тұрғындарға түнгі уақытта терезелерін жауып, саябақтарда серуендемеуді ескертіп отыр.

Жанар Бескемпірова, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары:

- Қоршаған ортаны қорғау басқармасы мен елордалық дезинфекция шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыстарын бастап кеткен боламыз. 26 сәуірден 29 сәуірге дейінгі қаланың сыртындағы су қоймаларын өңдеп шықтық. Жалпы 4 мыңнан астам шаршы жер өңделді. Қаланың ішінен кіреміз. Тұрғын массивтерді, бақтарды өңдеуге кірісудеміз.