Алматыда вакцинаның екінші компоненті жеткілікті

Алматыда вакцинаның екінші компонентін салуға қажетті 193 мың 540 доза бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпе салғызу аралығының ұзартылуы препарат тапшылығымен байланысты емес. Бұл туралы бүгін қаланың санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің мамандары хабарлады. Екпе вакцина салатын орындарға кезең-кезеңімен жеткізіліп тұрады.

Айта кетейік, екпенің алғашқы дозасын сәуірдің 21-іне дейін алып үлгергендер екінші компонентті 21 күннен кейін салдыртады. Ал қалғаны 45 күн күтеді.

Сондай-ақ...