427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда 73 ардагердің үйіне гуманитарлық көмек беріледі

  • 85
  • UPD: 22:23, 04.05.2021
Ақтауда 73 ардагердің үйіне гуманитарлық көмек беріледі

Ақтауға «Назарбаев» қорынан ардагерлерге арналған гуманитарлық жүк жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Волонтерлер 10 тоннаға жуық тауар артқан көлікті күтіп алып, аймақтық Ассамблея ғимаратында сұрыптап, бөліп шықты. Айтуларынша, әр қораптың салмағы 130 келі. Оларға азық-түлік, тұрмыстық бұйымдар мен жеке гигиена құралдары салынған. Жақын күндері соғыс, тыл ардагерлері және оларға теңестірілген 73 азаматтың үйлеріне апарып беріледі.

Мұқаш Оралбай, Өңірлік волонтерлер корпусының жетекшісі:

- «Дегдар» гуманитарлық қоры Маңғыстау облысына бір фура жүк әкелді. Біз қабылдап алдық. Енді ертеңнен бастап өңірдегі волонтерлік топтар жастар ұйымдарымен бірлесіп, ардагерлерімізді Жеңіс күнімен құттықтап, үйлеріне жеткізетін болады. Жаңаөзен, Мұнайлы ауданы және Ақтау қаласында жалғасатын табады осы жұмыстар.

Хабар 24 телеарнасы