Елімізде жолдарды жөндеуге 140 млрд теңге бөлінеді

Мәжілісте жол сапасына қатысты мәселе де көтерілді.

Мәжіліс спикері депутаттар атынан осы салаға бөлінетін қаржының діттеген жерге жетуін қатаң қадағалайтынын айтты. Инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша осы жылы республикалық маңыздағы күре жолдарды салуға 140 млрд теңге қаралған. Бірақ конкурстық жұмыстар әлі жүргізілмей отыр. Яғни жұмыстың қашан басталатыны белгісіз. Сондықтан жұмысты тезірек қолға алу қажет. Бұған дейін салынған жолдардың сапасы сын көтермейді. Халықтың наразылығы көбейген. Мәжіліс төрағасы жауапты ведомствоға сын айтып, күрделі проблемалардың шешімін талап етті.