Елордалықтар вакцинаның екінші бөлігін 45 күннен кейін салдырады

Вакцинаны мамырдың бірінен кейін салдырған ел астанасының тұрғындары екінші компонентті 45 күннен кейін қабылдайды.

Бұл туралы баспасөз мәслихатында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты. Оның сөзінше, екпенің екінші бөлігін 21 мен 90 күннің аралығында алуға болады. Сондай-ақ ол қос компоненттің арасындағы уақыттың ұзаруы вакцинаның жетіспеуімен байланысты емес екенін айтты. Коронавирус өршіп тұрған кезеңде вакцинаның екінші компонентін 21 күннен кейін салуға мәжбүр болдық, ал қазір жұқтыру дерегінің азаюына байланысты уақыт ұзарды деді Тимур Мұратов.

Айта кетейік, бірінші мамырға дейін екпе салдырған астаналық тұрғындар екінші бөлікті үш аптадан кейін алады.

Сондай-ақ...