429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Белсенді жастар «Елбасы медалімен» марапатталды

  • 46
  • UPD: 14:11, 05.05.2021

Әр салада өзін жан-жақты дамытып, айналасындағы адамдарға қамқорлық жасауға, биік мақсаттар мен жоғары нәтижелерге ұмтылған жастар бүгін «Елбасы медалімен» марапатталды.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйытқы болған шараның 4-кезеңінде 122 жеңімпазға қола медаль табысталды. Былтыр бастау алған бағдарламаға еліміздің барлық өңірінен 11 мыңнан астам жас қатысты. Қатысушылардың 23% – ауыл балалары. Оның ішінде жалпы 3 мың 535 адам қола деңгейін сәтті аяқтаған. Айта кеткен жөн, жоба 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Ал «Елбасы медалінің» күміс және алтын иегерлері алдағы жаз бен күз айларында анықталады.

Әлінұр Орынбекұлы, «Елбасы медалі» марапатының иегері:

– Жалпы, бұл жоба барысында мен өзімді басқа жағынан ашқан болатынмын. Өйткені спортқа деген қабілетімді аштым. Ал волонтерлік қызмет барысында ініме неміс тілін үйреттім. Өзімнің әдісімді ойлап таптым. Болашағыма септігін тигізеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы