Павлодарда соғыс ардагерлерінің саны азайып барады

9 мамыр қарсаңында дәстүрлі шеру өтпейтін болды.

Сондықтан атқарушы билік қарияларды құттықтауды бастап кетті. Биыл оларға мемлекеттен бір миллион теңге бөлініп отыр. Жергілікті өнерпаздар күн сайын ардагерлер тұратын үйлердің алдына барып, әскери әндерді орындайды. Виктор Хабазов Ленинград қоршауын бастан өткерген. Бұғанасы бекімей жатып, зауытта еңбек еткен екен. Аштықтан аман қалған бозбала денсаулығын түзегеннен кейін әскер қатарына алынады. Беларусь жерін азат етуге атсалысқан майдангер бірнеше мәрте жараланған.

Светлана Гладышева, қала әкімінің орынбасары:

– Біздің ардагерлеріміздің көпшілігі үйлерінен шыға алмайды. Үлкен мерекелік жиындарға қатысуға шамалары жоқ. Карантин талаптарын ескере келе, біз мерекелік апта ұйымдастыруға шешім қабылдадық. Ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрмет өскелең ұрпаққа ой салады деп ойлаймын. Олар әскери әндер арқылы өздеріне бейбіт күн, бақытты өмір сыйлаған ардагерлердің ерлігін есте сақтайтын болады.