429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ashyq» мобильді қосымшасы неліктен істен шықты?

  • 55
  • UPD: 14:10, 05.05.2021
«Ashyq» мобильді қосымшасы неліктен істен шықты? Inform.kz

«Ashyq» жобасының неліктен істен шыққанын мамандар түсіндіріп берді.

Жобаны әзірлеушілердің бірі Виталий Пустовойтенко өзінің фэйсбуктегі парақшасында барлық кінәрат төлемді дұрыс жүргізбегендіктен деп жазды. Яғни мамандар мобильді қосымшаны қалай жетілдіреміз деп жүргенде, төлем тәртібі өзгергенін естен шығарып алған. Олар осыған дейін Аpple store платформасына мобильді қосымшаны орнатқаны үшін басқа адамның атынан ақы аударып келген. Ал биылғы жылдап бастап, жоба иесі өзі төлеу керек болыпты. ІТ-саласының мамандары бұл олқылықты дереу қалпына келтіреміз деп сендірді. Сондықтан «Ashyq» мобильді қосымшасын отандастарымыз көп ұзамай телефондарына қайта жүктей алады.

Виталий Пустовойтенко, «Ashyq» мобильді қосымшасын әзірлеуші

– Абоненттік төлемді уақытылы жүргіздік. Бірақ басқа адамның атынан төлеппіз. Сол себепті мобильді қосымшаны платформадан өшіріп тастаған. Біз биылғы жылдан бастап төлем тәртібі өзгергенін естен шығарып алдық. Жақын уақытта барлығын қалпына келтіреміз.  

Хабар 24 телеарнасы