Ертеңнен бастап елордалықтар қытайлық Hayat-Vax вакцинасын қабылдай алады

Бұл Біріккен Араб Әмірліктірінде өндірілген.

Мұның өзге екпелерден қатты айырмашылығы жоқ. Тіпті бірдей десе де болады. Онда да өлі штамм бар. Құрамы жағынан қытайлық екпе QazVak-қа ұқсайды. Тек біздің вакцинаның сақталу мерзімі алты ай болса, Қытайдікі бір жылға жарамды. Жалпы көрсеткіштері бірдей. Отандық екпенің де, қытайлық препараттың да адамға берер пайдасы 90 процент деп бағаланған. Бұл туралы «Medsupportkz» жобасының өкілі Ләззат Ералиева айтты. Сонымен қазақстандықтардың QazVac, Спутник V, Hayat-Vax вакциналарын қабылдауға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ...