Н.Нығматулин: Халықты шатастырып болдыңдар!

Үкімет сәуір айында 2 миллион қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алады деп жоспарлады.

Алайда, көрсеткіш әлі жартысына да жетпеген. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин бүгін министрлер кабинетін осылай деп сынға алды. Палата төрағасының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі екпе алғандар тізімін дұрыс жүргізбей келеді. Вакциналанғандар саны әдейі арттырылып, яғни 1 жарым миллион деп көрсетіледі. Анығында екпенің екі дозасын тек 400 мың адам қабылдаған. Ал министрлік тек бірінші компонент алғандарды жалпы тізімге қосып жіберген. Халықаралық тәжірибе бойынша бұл қате. Жоспар бойынша күзге дейін елде 6 млн қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе қабылдайды. Бұған қоса, Денсаулық сақтау министрлігі бірінші және екінші дозаны қабылдау мерзімін нақты айтпады. Сала басшысы 45 күн десе, орынбасарлары бірде 90, енді бірде 21 күн дейді. Салдарынан халықты шатастырып болдыңдар деді Мәжіліс төрағасы.

Сондай-ақ...