Шығыс Қазақстан облысында вакцина салдырушы көбейді

Шығыс Қазақстан облысында қауіпті індетке қарсы екпе алушылар қатары көбейді.  

Шемонаиха ауданында 6 арнайы орын ашылып, бүгінге дейін мың жарымға жуық тұрғын вакциналаудан өткен. Мемлекеттік мекемелерден бөлек жеке кәсіпкерлер мен зейнеткерлер белсенді. Әзірге халық ресейлік «Спутник V» препаратын ектіріп жатыр. Көп ұзамай «QazVac» қазақстандық екпесі де жеткізілмек. Жалпы аудандағы еңбекке қабілетті тұрғындардың 70%-ін коронавирусқа қарсы вакциналау көзделген.

Наталья Макаренко, мұғалім:

- Екпе алу кезінде және болған соң ешқандай ауырсыну сезінбедім, бәрі қалыпты. Менің ойымша, өзімізді және жақындарымызды індеттен сақтау үшін вакцина салдырған дұрыс деп есептеймін. Пандемияны жеңіп, бұрынғы өмірімізге қайта оралу бәріміздің мақсатымыз.

Сондай-ақ...