Елордадағы емхана жанынан болашақ анаға арналған орталық ашылды

Елордадағы 14-емхананың жанынан болашақ аналарға арналған орталық ашылды.

Қажетті құралдармен жабдықталған екі кабинетті ұйымдастыруға Іскер әйелдер кеңесі мен «Ақниет» қайырымдылық қоры қолдау көрсетті. Орталық 200-ге жуық аяғы ауыр әйелді қабылдай алады. Мекеме мамандары аптасына 2 рет жас аналарға босану алдында кеңес беріп, жаттығу жұмыстарын жүргізеді. 

Ләззат Рамазанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл қаладағы осындай төртінші орталық. Ең бірінші бұл орталықтың мақсаты отбасы институты дейміз ғой. Оны нығайту мен оны күшейту әр тек мемлекеттің ғана тапсырмасы емес. Бұған қоғам өзі үлесін қосып жатыр. Осының көрсеткіші мынау ресми ашылуы. Барша 14-емхананың мамандарына сәттілік тілеймін.