426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әуежай маңындағы жерді сату ісіндегі риэлтор әйел өзін ақтауды өтінді

  • 148
  • UPD: 22:29, 05.05.2021
Әуежай маңындағы жерді сату ісіндегі риэлтор әйел өзін ақтауды өтінді

Алматы әуежайы маңындағы жер телімдерін сатқандарға 12 мамырда сот үкімі шығады. Бүгінгі сотта олар соңғы сөзін айтты.

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері кінәларын толық мойындады. Бесеуі де жасаған істеріне өкінетіндіктерін білдіріп бас бостандығынан айырмауды сұрады. Тек риэлтор Нұрайым Алданыш қана тағылған айыппен келіскен жоқ. Ол өзін толықтай ақтауды өтінді. Бұған дейінгі сот процесінде прокурор айыпталушыларды 4 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Ал айыпталушылардың адвокаттары олардың мемлекетке келтірген шығынды толығымен өтегендерін, кәмелетке толмаған балалары мен жасы үлкен ата-аналарының бар екенін алға тартып, жазаны шартты түрге ауыстыруды сұраған болатын. Айта кетейік, Bek Air ұшағы құлаған аумақтағы жер телімдерін заңсыз сатумен айналысқан әкімдіктің экс-шенеуніктеріне қатысты сот ісі бір жарым жылдан бері жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы