Қатар Әмірі қазақстандық ғалымдардың еңбегін жоғары бағалады

Қатар Әмірі короновирусқа қарсы екпе дайындаған қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін жоғары бағалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бұл Қазақстанның өз вакцинасын жасап шығарған он мемлекеттің және ғылыми әзірлемесін тіркеген бес елдің қатарына кіруге мүмкіндік бергенін атап өтті. Бұл туралы шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенде айтты. Қос мемлекеттің басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айымен құттықтап, екі ел халықтарының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді. Ал Қазақстан Президенті екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы қарым-қатынастарды жандандыруды және бірлескен инвестициялық жобалардың жекелеген тізімін жасақтауды ұсынды. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау, тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, сондай-ақ қаржы және банк секторын атады.

Сондай-ақ...