Теміржол өткелдерін дұрыс күтіп ұстамағаны үшін 15 лауазымды тұлға жазаланды

Теміржол өткелдері де полицейлердің ерекше назарында. Олардың жай-күйіне немқұрайлы қарау жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.

Есеп беру кезеңінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері 49 теміржол өткелдерін тексерді, олардың барысында көптеген бұзушылықтар анықталды.

«Теміржол өткелдерін күтіп-ұстаудағы негізгі ақаулар қажетті жол белгілерінің болмауы, жарықтандырудын дұрыс болмауы, төсемнің қанағаттанарлықсыз жай-күйі болып табылады. Анықталған кемшіліктерді жоюға 49 ұйғарым берілді. Тексеру қорытындысы бойынша теміржол өткелдерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 15 лауазымды тұлғаға 440 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп атап өтті Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Арыстан Дүйсембаев.

Мысалы, 2021 жылғы 26 сәуірде Жібек жолы көшесіндегі теміржол өтпелерін тексеру барысында полиция қызметкерлері жол белгілерінің, төсемнің және сигнал бағандарының сәйкессіздігін анықтады, бұл апаттық жағдайдың туындауына әкеп соғуы мүмкін.

Аталған бұзушылықтар үшін екі павлодарлық ЖШС ҚР ӘҚБК 631-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, 10 және 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.