426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елжан Біртанов: Сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ

  • 169
  • UPD: 18:04, 06.05.2021

«Сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ». Аса ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікке іліккен экс-министр Елжан Біртанов сотта бүгін осылай деді.

Ол тергеушілер тарапынан заңсыз әрекеттер жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анығында, күдіктіге әлі нақты айып тағылмаған, тергеу жалғасып жатыр. Сөйте тұра, кеше экс-министрдің 1,5 млрд теңге жымқыруға қатысы бар деген мәлімет тарап кеткен. Елжан Біртанов «мұндай бассыздыққа жол беруге болмайды» деді. Одан бөлек, ол бәзбіреулердің соңына түскенін айтып қалды. Өзін және отбасын біреулер аңдып жүргенге ұқсайды.

Елжан Біртанов, экс-министр:

- «Бюджет қаражатын жымқырды немесе ысырап қылды», деп жатыр. Бірақ оны растайтын бірде-бір дерек жоқ. Өйткені бюджет қаржысын ұрлау дерегі болған жоқ. Менің сыбайлас жемқорлыққа еш қатысым жоқ екенін тағы да мәлімдеймін.

Осы қазір ғана экс-министр Елжан Біртановқа қатысты сот шешімі шықты. Судья күдіктінің үйқамақта отыру мерзімін тағы 1 айға ұзартты. Енді Елжан Біртанов 1 маусымға дейін үй қамауында болады. Бірақ таңғы 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін сыртқа шығуына болады. Оның жұмыс істеуіне ешкім кедергі келтірмейді.

Хабар 24 телеарнасы