427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында балық қырылып жатыр

  • 131
  • UPD: 15:35, 06.05.2021
Павлодар облысында балық қырылып жатыр

Павлодар облысында балық қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтоғай ауданындағы Шығанақ көлінің жағасы өлексеге толып кеткен. Балық шаруашылығы инспекциясы, ветеринария, жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары оқиға орнына шұғыл аттанып кетті. Арнайы комиссия өлген балықтардан сынамалар алып, зертханаға жібереді. Сараптама қорытындысы он күнде белгілі болады. Ертіс өңіріндегі су айдындарында балық бірінші рет қырылып жатқан жоқ. Мамандар су жәндіктері ауаның жоқтығынан тұншығып өлуі ықтимал деп отыр. Өйткені таязданып кеткен су қоймалары қатты аязда түбіне дейін қатып қалады екен.

Хабар 24 телеарнасы