Мектептердің 17%-і санитарлық талаптарды сақтамаған

Қазақстанда 292 мектепте карантиндік талаптар сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды  «Хабар 24».

Білім ордаларында маскалық режим бұзылып, арақашықтық белгілерінің болмауы, дезинфекциялаудың дұрыс жүрмеуі, оқу сыныптарындағы парталар арасындағы арақашықтықты сақтамауы, санитайзерлер мен дезинфекциялау құралдарының жеткіліксізгі сынды олқылықтар тіркелген.

Карантиндік талаптарды сақтамаған мектептердің көбі Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарында. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Сәуір айында Республика бойынша 1688 мектеп тексерілген. Мектептерге мониторинг жүргізу жалғасады.