426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда тұрғындары Hayat-Vax вакцинасын алып жатыр

  • 235
  • UPD: 15:35, 06.05.2021
Елорда тұрғындары Hayat-Vax вакцинасын алып жатыр

Елорда тұрғындары Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған қытайлық Hayat-Vax препаратымен вакцина алуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты қоймаларға дәл осы екпе түрінің 7 мыңнан астам дозасы жеткізілген болатын. Осыған дейін бірнеше күн бойы алматылықтарда дәл осы вакцинаны салдырып бастаған. Еліміздің әл ауқат қоры Hayat-Vax вакцинасының 1 миллион дозасын сатып алған еді. Ол екі компоненттен тұрады. Екпе бірнеше апта аралықпен егіледі. Вакцинаның тиімділігі 79%-ті құрайды. Препарат жағымсыз реакциялар тудырмайды.

Әліби Зәуірбек, №2 қалалық емхананың аға фельдшері:

- Қазіргі таңда бізде қазақстандық вакцинаның 300 дозасы бар, қытайлық Hayat-Vax-тың 400 дозасын алып келдік, «Спутник V-дан» 500 доза бар. Біз қазір өте белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бір күнде шамамен 450-дей екпе алушылар мен еріктілер келеді.

Хабар 24 телеарнасы