Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысына сот үкімі шықты

Жамал Жаманбаева ақпан айында ұсталды.

Тергеу мәліметінше, лауазымды тұлға былтыр тамызда жалпы құны 222 млн теңгелік 6 жылжымалы рентген аппаратын бір жерден сатып алуға ықпал еткен. Күдікті дайындаған өтінім негізінде қалалық мәслихат шешімімен қаржы бөлінеді. Алайда келісімшарт қазынашылық департаментінде тіркеуден өтпейді. Бұдан соң ол аудандық емхана директорларынан шарт жасауды талап етеді. Заңға қайшы әрекеті үшін мемлекеттік салада қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектелді.

Аралбай Нағашыбаев, қалалық сот судьясы:

– Осы тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгілеп, ҚР қылмыстық Кодексінің 44-бабының талабына сәйкес шектеулер тағайындады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 АЕК мөлшерінде міндет төлемі өндірілді. Сотталушы Жаманбаева Жамал Әбдібекқызына қолданылған күдікпен ұстау жөніндегі бұлтартпау шарасы өзгерітіліп, сот залынан босатылды.