426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда жылжымалы екпе егу орындары ашылды

  • 135
  • UPD: 20:45, 06.05.2021
Петропавлда жылжымалы екпе егу орындары ашылды

Бүгіннен бастап қалада 3 медициналық кешен жұмыс істейді.

Енді тұрғындар коронавирусқа қарсы вакцинаны осындай автобустарда қабылдай алады. Бұл әсіресе, зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы дейді дәрігерлер. Денсаулық сақтау басқармасы берген мәлімет бойынша, қазір облыста екпенің бірінші компонентін 49 мың адам салдырған. Өңірде Қазақстанда жасалған вакцинаның 2 мың дозасы бар.

Мариямгүл Сариева, қалалық №3 емхана дәрігері:

– Поликлиникаға жағдайы келмейтін, келе алмайтын кісілер болса, осындай вакцина салуға жол беріп отырмыз. Бүгін таңертеңнен бері 35 адамға қойдық. 35 адамда ешқандай белгі жоқ. Бәрі де біздің келгенімізге қуанып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы