Маңғыстау облысындағы «Голубая бухта» жағажайы қоқыс алаңына айналып барады

Қоқыстарды сол жерге екі күн бұрын барған ақтаулық азамат түсіріп алыпты.

Қаладан 63 шақырым қашықтағы жағалауда бірнеше контейнер тұр. Барлығының да іші-сырты күл мен қоқысқа толы. Бос бөтелкелер мен целлофан қаптарды қараусыз жүрген түйелер шашып тастаған. Аумақ Түпқараған ауданына қарайды. Жақын маңда Сайын Шапағатов ауылы тұр. Елді мекен әкімдігіне әлгі маңды қоқыстан тазартуға шұғыл тапсырма берілген.