Елордада әскер ардагерлеріне арналған мерекелік шара өтті

Елордада сардарларға құрмет көрсетті. Үркер шағын ауданында әскери сала ардагерлеріне арнап мерекелік шара ұйымдастырды.

Алдымен жауынгерлік оркестр өнер көрсетті. Кейін жиналғандар сарбаз ботқасынан дәм татты. Бұл қалашықта ел шебін жаудан қорғаған, салада талай жыл еңбек еткен ардагерлер тұрады. Кейінгі буын оларға қашан да қарыздар.     

Берік Жәекенов, Есіл ауданының әкімі:

- Үркер шағын ауданын ел арасында «әскери қалашық» деп атап кеткен. Өйткені мұнда әскери салада талмай еңбек еткен ардагерлер тұрады. Арасында ата жолын жалғап, қорғаныс саласын таңдаған мамандар да бар. Соларға арнап мерекелік шара ұйымдастырдық.