Елордада «Әлем» және «Астаналық» сауда үйлерінде вакциналау бекеті ашылды

Елордада тағы екі сауда орталығында вакцина салатын пункттер ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар «Әлем» және «Астаналық» базарда орналасқан. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. Бұл оң жағалау тұрғындарына екпе салдыруды қолайлы ету мақсатында ашылған. Жаңа пункттерде күту бөлмелері мен бақылау орындары ұйымдастырылды. Вакцина салдырған адам міндетті түрде 30 минут бойы бақылауда болуы керек. Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары азаматтардан вакцина алуға қатысты барлық талапты орындауды сұрайды. Бұған дейін вакцина салу орындары қаладағы бірнеше сауда ойын-сауық орталығында ашылған еді. Демалыс күндері екпе бекеттері «Шанхай» мен «Орталық базарда» ұйымдастырылады.