Елорданың Алматы ауданы әкімдігі ардагерлерді мерекемен құттықтады

Елордалық ардагерлерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы ауданы әкімдігі майданға қатысқан батырларға құрмет көрсетіп, шағын концерт ұйымдастырды.

Мерекелік шара кезінде санитарлық талаптар сақталды дейді ұйымдастырушылар. Соғыс ардагерлеріне азық-түлік себеттері таратылды. Одан бөлек, ақшалай сертификат берді. Дәл осылай ардагерлерге ыстық ықыластарын жеткізді. Айтуларынша, майдан даласында жан алысып, жан беріскен батырларға қандай құрмет көрсетсе де лайық.