Елорда тұрғындары мен қонақтарына 40 мың «Жеңіс лентасы» таратылады

Алдағы күндері елорда тұрғындары мен қонақтарына 40 мың жеңіс лентасы мен төсбелгі таратылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай бастаманы Нұр-Сұлтан қаласының жастары көтерген. Ұсыныс қалалық әкімдіктен қолдау тапты. Белсенді жастар париоттық акцияны бүгін бастап кетті. Мерекелік сыйлықты үлестіру адам көп жүретін бес орында өтеді. Жастар қас қарайғанша жеңіс лентасы мен төсбелгіні 10 мың адамға табыстауға ниетті.

Асылжан Бүркіталин, волентер:

- Осы акция бүкіл қала бойынша жүріп жатыр. Шамамен 100 белсенді жастар Ұлы отан соғысының жеңісіне орай арнайы төсбелгілерді парктер, скверлер осы жерлерде таратып жатыр.