426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысынан соғысқа 140 мың азамат аттанған

  • 126
  • UPD: 09:01, 08.05.2021

Олардың көбі елге оралмады.

Хабарсыз кеткені қаншама. Ал туған ауылына аман-есен келгендері бірден еңбекке араласты. Жастық-шағы қан майданмен тұспа-тұс келген.

Сталинград үшін болған шайқасқа қатысқан қазығұрттық ардагер Әкімбай Жұмабаевтың жасы жүзге жақындады. Бүгінде алты баласынан 50-ден аса немере-шөбере сүйіп отырған қазыналы қария. Балалары әр салада абыройлы қызмет етіп жүр. Ақсақал егемен еліміздің әр жетістігіне шын қуанып, өзін бақытты санайды.

Әкімбай Жұмабаев, ҰОС ардагері:

- Сталинградта болдым. Сталинградты үйімдей көріп кеттім. Әзірге денсаулығым жақсы. Жүріс-тұрысым жақсы. Ұйқы жақсы. Барлығы жақсы.

Ол 19 жасында өз еркімен егін даласынан майданға аттаныпты. Башқұрт елінде дайындықтан өткен жас жауынгер Сталинград қаласын жаудан қорғауға қатысқан. Майданда барлаушылар тобында болған. Талай рет мұз жастанып жүріп, қарулас достарымен бірге жау шебінен маңызды ақпараттар жеткізіп отырған. Соғыс даласында ерлік көрсетіп, елін қорғаған батыр атасын бүгінгі ұрпағы үлгі етеді.

Абдуәлі Жұмабаев, ардагердің ұлы:

- 1943 жылдың соңында соғыстан келдім. Соғыстан келсем ауылдың бәрі жоқ. Сонда осы калхозды қолымызбен құрадық. Осында жер айдаймыз өгіз соқамен дейді. Сонда қолмен бидайды шашатынбыз. Оны кешкісін әйелдер теріп-теріп алады. Үйіне барып тасқа егіп, нан қып жейді дейді. Қазір сендердің замандарың ғой. Біз сондай уақыттарды көрдік дейді. Сол сөздерден қорытынды алып, өз тіршілігімізді жасап келе жатырмыз.

Айғаным Әкімбай, немересі:

- Мен атаммен мақтанамын. Атамның бар болғанына қуанамын. Ол ардагер. Еңбекқор, мейірімді адам. Бізге әрдайым батасын беріп жүреді. Біз келгенде қуанып, аман бол, жақсы оқы дейді.

Жастығын сұрапыл соғысқа сарп еткен қариялардың қатары да сиреді. Түркістан облысында қазір Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 28 ардагер тұрады. Жеңіс күні қарсаңында қарт майдангерлерге сый-құрмет көрсетілді.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы