426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жоғалып кеткен соғыс ордені майдангердің туыстарына табыс етілді

  • 150
  • UPD: 08:45, 08.05.2021
Павлодарда жоғалып кеткен соғыс ордені майдангердің туыстарына табыс етілді

Екінші дүниежүзілік соғысының екінші дәрежелі орденін тауып алған қала тұрғыны бірден жергілікті іздестіру жасағына хабарласқан.

Әскери марапат соғыс ардагері Владимир Алексеенкоға тиесілі болып шықты. Іздестіру жасағы жауынгердің қай жерде соғысқанын анықтай алмады. Алексеенконың Ресей Федерациясы, Новосібір облысының Купино станциясында туғаны анықталды. Ол соғыстан кейін Қазақстанға қоныс аударыпты. Жоғалып табылған орденді ардагердің ұрпақтары алды. Атамыздың ерлікке толы өмірінен қалған жалғыз ескерткіш дейді олар. Ал «Майдан жолы» экспедициясы биыл «Батырлар жолымен» жобасы аясында Ленинград облысына аттанады. Олар Свирь өзенінің жағалауына экспедиция ұйымдастырып, майдан жылдарында хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлер туралы тың деректер іздейді.

Артем Алексеенко, соғыс ардагерінің шөбересі:

– Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше маңызды күн. Біз үшін бұл үлкен мереке. Соғыс жылдарынан кейін атамыз Павлодарға көшіп келген. Өкінішке қарай осы күнге жете алмады. Мен атам сияқты адамдарды құрмет тұтамын. Кеудемді мақтаныш сезімі кернейді. Олардың өмірі бізге үлгі-өнеге.

Александр Шитов, іздестіру жасағының командирі:

– Екінші дүниежүзілік соғысының екінші дәрежелі орденімен Владимир Алексеенко 1985 жылдың сәуір айында марапатталыпты. Бізге Павлодар қаласының тұрғыны оны тауып алғанын айтып хабарласты. Ақпаратты бірден әлеуметтік желілерге тараттық. Бүгін туыстары табылды. Немере, шөберелеріне соғыс орденін салтанатты жағдайда табыстадық.

Хабар 24 телеарнасы