Елорда жастары республикалық «Киелі табиғат» акциясына атсалысты

Еліміздің табиғат жанашырлары мерекелік демалыста экологиялық іс-шараны қолға алды.

Республика көлемінде өтіп жатқан «Киелі табиғат» акциясына елорда жастары да атсалысты. Олар Есіл өзенінің жағалауына арша мен шыршаның жас көшеттерін екті. Белсенділерге республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы да да көмек қолын созды. Табиғат жанашырлары игі істі Жеңіс мерекесіне арнады. Әр сенбі сайын өтетін экологиялық акция алдағы уақытта Қазақстанның өзге де аймақтарында жалғасады. Мақсат халықты табиғатқа деген жанашырлыққа баулу. Әрі адамдардың экосанасын ояту.

Ақнұр Тұрдалиева, «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы директоры:

- Жалпы бұл акция «Киелі табиғат» жобасы аясында «Экоальянс Байтақ болашақ» ұйымымен бірлесе отырып, ағаш отырғызуды өткізіп жатырмыз. Бұл басқа да өңірлерде жалғасын табуда. Бұл жастарды еліміздің тұрғындарын экологияны жақсартуға экологиялық ағартушылыққа шақыруға арналған.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ төрағасы:

- Бұл істеп жатқан ісімізді ең бірінші халықты экологиялық сана, экологиялық мәдениетті дамыту үшін жасап жатқанбыз. Енді келесі аптада Теміртау, Орал, Тараз қалаларында өткіземіз. Кеше Талдықорған қаласында өтті. Көктем біткенше көп жұмыс атқарамыз.