Соғыс кезінде берілген орден 77 жылдан кейін майдангердің отбасына табысталды

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде берілген орден 77 жылдан кейін майдангердің отбасына табысталды.

«Александр Невский» ордені жамбылдық батыр Рахымберді Досмұхамбетовке 1944 жылдың 6 ақпанында берілген екен. Майдангер 19 жасында Қызыл әскер қатарына шақыртылған. Батальонды басқарып, аға лейтенант әскери шенін иеленген. 28-Невель атқыштар дивизиясының 88-полкі атқыштар ротасының командирі болған. Ауыр жарақаттанған сарбаз жарты жыл госпитальде жатып марапаттары мен құжаттарын жоғалтып алыпты. Дәрежесі жоғары орден жарты ғасыр бойы Румыния астанасы Бухарест мұражайында сақталыпты. Құжаттар ішінен медальдің қосымшасы мен орден кітапшасы табылды. Жазбада жауынгердің жанкештілігі, өмір жолы туралы да тың деректер келтірілген. Батырдың өзі 1991 жылы өмірден өткен. Құнды орден оның немересі Бауыржан Досмұхамбетовке мереке қарсаңында табыс етілді. 

Еркінбек Солтыбаев, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: 

- Бұл ерекше оқиға деп айтар едім. Бұл ел-жұрт болып қуанып жатырмыз. Оның ішінде біздің соғыс ардагерлері соғыс жылдарындағы біздің ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оларды түсіндіру, айту соларға қарап тәрбиелеу жастарды бұл ең маңызды шара.

Сондай-ақ...