426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда мұғалімдердің 99% астамы вакцина салдырған

  • 111
  • UPD: 17:36, 08.05.2021
Алматыда мұғалімдердің 99% астамы вакцина салдырған

Алматыда жаппай екпе салу жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 247 мың 104 адам екпе салдырған.

Шаһарда 214 вакциналау орталығы мен 315 егу бригадасы жұмыс істейді. Әзірге педагогтардың белсенділігі жоғары дейді мамандар. Осы уақытқа дейін қаладағы 99,7 процент ұстаздар қауымы вакцина алып үлгерсе, полиция қызметкерлері мен медицина мамандарының басым көпшілігі де қауіпті індетпен күресудің жалғыз жолы екпе салу деп түсінеді екен.

Қазіргі таңда мегаполисте 65 жастан асқан 31 мың адам вакцина салдырған. Олардың арасында 90 жастағы тұрғындар  да бар.

Хабар 24 телеарнасы