Даңқты Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы Алматыда тұрады

Алматыда Ұлттық ұлан қызметкерлері әйгілі Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы Қайырлы Жонқабаевты Жеңіс күнімен құттықтады.

Мерекелік шара соғыс ардагері тұрып жатқан үйдің ауласында өтті. Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің оркестрі соғыс жылдарындағы ретроәндерді орындады. Ғасыр құрдасы Қайырлы Матайұлы майдандас достарын еске алып, сырымен бөлісті. Құттықтауға генерал Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова да қатысты. 

Қайырлы Жонқабаев, соғыс ардагері:

-  Елімізде тыныштық болсын! Еліміз алға баса берсін. Одан кейін мынау вирус деген аурудан сақ болыңыздар! Аман-есен шығыңыздар. Жастарыңыз ұзақ болсын. Келешектеріңіз зор болсын! Аман-есен болыңыздар!