427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновке ескерткіш орнатылды

  • 147
  • UPD: 19:48, 08.05.2021
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновке ескерткіш орнатылды Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің сайты

Жеңіс күніне орай елордада Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновке ескерткіш орнатылды.

Халқының қаһарман ұлына деген құрмет ретінде мүсін толықтай қоладан құйылды. Бас қалада бұған дейін Талғат Бигелдиновтің ескерткіші болмаған. Тек көшелердің бірі батырдың есімімен аталып келді. Жобаны жүзеге асыруға мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Расул Сатыбалдиев атсалысты. Ескерткішке деген көпшіліктің, әсіресе ұрпақтарының алғысы ерекше.

«Тіпті көз алдымызға әкеміз тіріліп келгендей әсерде болдық» дейді батырдың қызы Галина Бигелдинова. Шараға Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, қала әкімі Алтай Көлгінов және қала тұрғындары қатысты.

Галина Бигелдинова, Т. Бигелдиновтің қызы:

- Маған әкемнің мүсіні қатты ұнады. Жүзін айнытпай салыпты. Тура өзін көргендей болдым. Жобамен өте талантты адамдар айналысты. Ескерткіштің орналасқан жері де көңілімнен шықты. Осы маңда әкемнің атындағы көше бар.

Нұрлан Әлімжанов, қалалық мәдениет басқармасының басшысы:

- Бұл енді Елбасымыз және мемлекет басшысының тапсырысы бойынша жасалып отырған дүние. Мүсінші өте атақты. Ерекше тұрысы, отты көзі, қаһарманның, батырдың керемет мүсіні шыққандай. Халықтың өзі ерекше толғаныспен келіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы