Елорданың базарларында вакциналау орындары ашылды

Елордада екпе салдырып жатқандар саны артты. Осы күні 127 мың адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдаған. Ал екпенің екі бірдей дозасын алғандар саны 47 мыңға таяды.

Қалада емханаларды қоса есептегенде вакцина салатын 100-ден астам орын бар. Мамандар тұрғындарға ыңғайлы болу үшін осындай пункттерді базарлардан да ашып жатыр. Кестеде көрсетілген мына сауда ойын-сауық орталықтарына барсаңыздар болады. Яғни осы базарларға жол түсе қалса, коронавирусқа қарсы екпе салып береді. Олардың жұмыс кестесі де көрсетілген. Ойын-сауық орталықтарындағы екпе орындары таңғы сағат оннан кешкі онға дейін жұмыс істейді. Ал базарлардағы пунктер таңғы 8-ден кешкі сегізге дейін ашық.

Мамандардың айтуына қарағанда вакциналау орындары санитарлық талаптарға сай. Қазір елде отандық «КазВакты», ресейлік «Спутник Ви»-ді және қытайлық препарат «Хаят Ваксты» қолданып жатыр.

Ольга Инякина, №5 қалалық емхана директорының орынбасары:

- Екпе салатын орындар санитарлық талаптарға сай келуі керек. Тіркеу орыны, екпе салу кабинеттері, күту залдары тар болмауы тиіс. Ауа тазартатын құрылғылар орнатылуы қажет. Сосын вакцина сақтайтын арнайы тоңазытқыштар болуы керек. Міне осының барлығын мамандар жіті тексереді.

Сондай-ақ...