Арыста 108 отбасы баспаналы болды

Түркістан облысында 3 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Баспана сапасын Арыс қаласына арнайы барған өңір басшысы қарады.

«Көктем-2» ықшам ауданындағы жалпы аумағы 6 мың шаршы метрді құрайтын 108 пәтер кілті жақын күндері тыл ардагерлері мен аз қамтылған отбасыларға және мүгедектерге беріледі. Коммуналдық тұрғын үйдің әрқайсысының жобалық құны 277 млн теңге. Жыл соңына дейін тағы 240 арыстық отбасы баспаналы болады. Бүгінде мұнда 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Салтанат Оспан, Арыс қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Бізде қазір 1951 азамат кезекте тұр. Оның ішінде 20 проценті өзінің заңдылығына сәйкес, жетім балаларға беріледі. Одан қалғаны 25 проценті көп балалы отбасыларына және 40 пайызы осал топтар мен бюджеттік қызметкерлерге кезегімен беріледі.